Бағдарлама мәліметтері көздері

"Лаборатория Касперского" веб-сайтындағы Kaspersky Security Center беті

Kaspersky Security Center бетінде бағдарлама, оның мүмкіндіктері мен жұмыс ерекшеліктері туралы мәлімет ала аласыз.

Білім базасындағы Kaspersky Security Center беті

Білім базасы – "Лаборатория Касперского" Техникалық қолдау қызметі веб-сайтындағы бөлім.

Білім базасындағы Kaspersky Security Center бетінде бағдарламаны сатып алу, орнату және қолдану туралы пайдалы ақпаратты, ұсыныстарды және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды қамтитын мақалаларды таба аласыз.

Білім базасындағы мақалалар Kaspersky Security Center және "Лаборатория Касперского" басқа да бағдарламаларымен байланысты сұрақтарға жауап бере алады. Сонымен қатар, Білім базасының мақалаларында Техникалық қолдау қызметі жаңалықтары болуы мүмкін.

"Лаборатория Касперского" бағдарламаларын пайдаланушылар қауымдастығында талқылау

Сіздің сұрағыңызға тез арада жауап беру қажет болмаса, сіз оны "Лаборатория Касперского" мамандарымен және біздің форумдағы басқа да пайдаланушылармен талқылай аласыз.

Пайдаланушылар форумында, сіз жарияланған тақырыптарды қарай аласыз, өз пікірлеріңізді қалдыра аласыз, талқылау үшін жаңа тақырыптарды жасай аласыз.

Онлайн-анықтаманы көрсету үшін интернет қосылымы керек.

Мәселеңіздің шешімін таба алмасаңыз, Техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Басына оралу